«Астана дауысы» халықаралық эстрадалық музыка фестивалі өтті

18.06.2018

Қазақстанда алғаш рет Қазақстанның елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеуге арналған ең ауқымды шаралардың бірі болып табылатын «Астана дауысы» халықаралық эстрадалық музыка байқауы өтті. Байқауға Италия, Ұлыбритания, Қытай, Грузия, Татарстан, Әзірбайжан, Үндістан, Ресей, Болгария, Израиль, Армения, Өзбекстан, Қырғызстан, Эстония, Түркия, Қазақстан сынды көптеген елдерден жас эстрада әншілері қатысты.

«Сарыарқа» велотрегінің аренасында 15 маусымда жарыстың жартылай финалы, 16 маусымда финалы өтті. Музыкалық фестивальдің бірінші күнінде 16 елден келген қатысушылар Астана туралы ән шырқап, оның үздіктері келесі кезеңге өтті. Сондай-ақ, осы даталарда Байғали Серкебаевтың мерейтойлық шығармашылық кеші мен Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өтті.

Байқаудың екі күнінің қорытындысы бойынша келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар сайланды: Гран-при, I, II және III орындар. Барлық қатысушыларға дипломдар, мүсіншелер және бағалы сыйлықтар табыс етілді. Байқауға Валерий Меладзе мен Байғали Серкебаев сынды танымал әртістер кірген қазылар алқасының мүшелері қазылық етті.

«Астана дауысы» байқауы аяқталғаннан кейін көрермендер үшін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Байғали Серкебаевтың шығармашылық кеші өтті, онда ресейлік және қазақстандық эстрада жұлдыздары мен кештің батыс жұлдызы, америкалық эстрада әншісі Анастасия өнер көрсетті.

«Астана дауысы» фестивалін қорытындылай келе, көрермендер жүлдесін өзбекстандық Матин Иногамов пен АҚШ-тан келген Цедрина Шари ерекше орындағаны үшін жеңіп алды. Астана туралы ең үздік ән жүлдесін ресейлік тамаша әнші Элеонора Носова жеңіп алды.

Байқауда үшінші орын әзірбайжандық Илхам Назаровқа;

2 орын – Қытайдан келген БАО ЛИН және украиналық Татьяна Доканина;

I орын – Ұлыбританиядан GOLDSTONE, қазақстандық Бердібек Құлғараев.

I Халықаралық «Голос Астана» байқауының Гран-при жүлдесін грузиялық Автандил Абесламидзе жеңіп алды!

Халықаралық байқаудың барлық орындаушыларын жеңістерімен және барша қазақстандықтарды елорданың 20 жылдығымен құттықтаймыз!

Велоспорт орталығының баспасөз қызметі


Бөлісу: