Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында Сейдахмет Бердіқұлов турнирі өтеді

21.08.2017

2017ж. тамыз айының 20 күні бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында шағын футболдан спорт журналисі, публицист және қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұлов турниріВелосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығында өтеді.

Белгілі спорт журналисі, публицист Сейдахмет Бердіқұловтың есімін ұлықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті 1994 жылдан бері жыл сайын Қазақстанның үздік спорт журналистеріне оның атындағы арнайы сыйлық тағайындап келе жатыр. Сондай-ақ бұрынғы Туризм және спорт министрлігінің бастамасымен 2011 жылы БАҚ өкілдері арасында спорттың 5 түрінен Сейдахмет Бердіқұлов атындағы І спартакиада өткізілді.

21 команда арасында біріншілікті "Егемен Қазақстан" командасы жеңіп алды, екінші  орынды "ОКО-1" және үшінші орынды "Хабар" алды. Жүлдегерлер кубоктармен және медальдармен марапатталды.

 Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі


Бөлісу: