Тәуелсіздік күні қарсаңында Орталық қызметкерлері марапатталды

13.12.2019

2019 жылдың 13 желтоқсанында «Сарыарқа» велотрегінің мәжіліс залында ҚР Тәуелсіздік күні мерекесінің құрметіне велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының қызметкерлерін марапатау рәсімі өткізілді.

Еліміздегі спорт және дене шынықтыру саласында атқарған ұзақ жылғы абыройлы еңбегі мен өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи құндылығын сақтап, спорт саласына дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау Орталығының әдіскері Бауржан Утегенов ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ, спортты дамытуға қосқан адал да мінсіз қызметтері үшін Орталық қызметкерлері Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Жұманғалиұлының, велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының директоры Бекболат Құстүтінұлының алғыс хаттарымен марапатталды.

Ал, велосипед спортын дамыту жолындағы кәсіби шеберлігі және жоғары нәтижелері үшін «Үздік жаттықтырушы» ретінде Берик Ануарбекович, «Үздік спортшы» ретінде Өсім Ақпейіл мадақтамаға ие болды.

Барлық марапат иелерін құттықтаймыз! Мереке құтты болсын!

P.S. Барлы фотосуреттер осында

Бөлісу: