Орталық қызметкерлері сенбілікке шықты

10.04.2021

Бүгін, яғни 10 сәуір күні «Нұр-Сұлтан» олимпиадалық орталығының ұжымы «Сарыарқа» велотрегі аймағында тазалық жүмыстарын жүргізді. Іс-шараға қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен, күрек, тырнауыш, қолғаптар мен қоқыс салатын қаптармен қамтамасыз етілді. Олар спорт кешені аумағын қар астында қалған қоқыстардан тазалап, аумақты ендігі маусымға дайындауға, дәлірек айтсақ, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге жол ашып берді. Бұл - кәсіпорынның шаруашылықты ұйымдастыру тұрғысында дәстүрге айналған қоғамдық жұмыстарының бірі.

Осы қатарлы іс-шаралар тек тазалықты сақтау, айналаны ретке келтіру ғана емес, жалпы халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолында үлкен мәнге ие. Сол себепті, айналаға ұқыпты қарап, күтім жасау үлкен игі істердің басы десек болады.

Бөлісу: