«Спорт – менің өмірім!»

07.12.2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде 2016 жылғы 10 желтоқсанда сағат 10.00-де «Сарыарқа» фитнес орталығында балалар арасында «Спорт-менің өмірім» атты жүзуден жарыс өткізіледі.

Бұл жарыстың мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, әлеуметтік белсенділікті арттыру, балалардың рухани және дене тәрбиесі, елімізде спорттық жүзуді дәріптеу және дамыту, спорттық шеберлік деңгейін арттыру, дарынды және келешегі бар спортшыларды анықтау және достық және спорттық қарым-қатынастарды нығайту.

«Спорт-менің өмірім» жарысында 7-8 жастағы ұлдар/қыздар, 9-10 жастағы ұлдар/қыздар, 11-12 жастағы ұлдар/қыздар, 13-14 жастағы ұлдар/қыздар бірнеше жас санатындағы 7-ден 14-ке дейінгі жастағы 50 бала қатысады. Жас жүзушілер 25/50 метр қашықтықты жүзіп өту тиіс.  Жарыстың жеңімпаздары грамоталармен және  медальдармен марапатталады. Жарысты жанкүйер ретінде  әр адам келіп тамашалай алады.

Жарыс ұйымдастырушысы: «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК.

Өткізу орны мен уақыты:
Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 45А, «Сарыарқа» фитнес орталығы (батыс кіреберіс). Басталуы: сағат 10.00-да.

Велосипед спортынан
олимпиадалық даярлау
орталығының баспасөз қызметі


Бөлісу: