Трансплантациядан кейінгі және диализ орталықтарындағы тұлғаларға арналған спорттық шаралар

07.06.2019

2019 жылғы 10-14 маусым аралығында Қазақстан Республикасында трансплантациядан кейінгі және диализ алатын емделушілер арасында бұқаралық дене шынықтыру – сауықтыру іс-шарасы өтеді.

Аталған шараның ұйымдастырушылары «Өмір тынысы» трансплантация жасалған науқастар қоғамдық ұйымы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы болып табылады.

Ұлттық ойындар спорттың 6 түрі бойынша өткізіледі: жүзу, үстел теннисі, дартс, бадминтон, боулинг және волейбол.

Ойынға қатысу рұқсаты келесі ұстанымдар бойынша беріледі:
1. Диализ алатын емделушілер
2. Донорлық органдар реципиенттері, трансплантациядан кейін кемінде 1 жылдан соң
3. 18 жастан асқан азаматтар
4. Дәрігердің сайысқа қатысуға рұқсаты бар.

Сайысты өткізу орны: «Сарыарқа» республикалық велотрегі, «В.В. NURА» амбулаториялық диализ орталығы және «Алау» спорт кешені.

Байланыс деректемелері: Успанов Жанибек +77775717030, +77471464246. zuspanov@mail.ru

Бөлісу: