Спортшыларымыз Белоруссияда екі медальға қол жеткізді

20.08.2018

Естеріңізге салсақ, 2018 жылдың 15-18 тамыз аралығында Белоруссия елінде өткен қыздар арасындағы тас жолы жарысына велосипед спортынан олипиадалық даярлау орталығының спортшылары қатысқан болатын. 

Нәтижесінде спортшыларымыз қарсыластарынан оқ бойы озып, жеңісті қолдан бермеді. Орталықтың тәрбиеленушілері командалық жарыста 1 орынды иеленді. Ал топтық жарыста Ақпейіл Өсім 2 орынды қанжығасына байлады. 

Қыздарды жемісті жетістігімен құттықтаймыз. Алда алар асулары биік болсын демекпіз!

Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау

орталығы» РМҚК баспасөз қызметі

Бөлісу: