Спортшылар «АЛЖИР» мұражай – мемориалдық кешеніне барды

30.07.2019

Ағымдағы жылдың 30 шілдесінде Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары Нұр-Сұлтан қаласынан 40 шақырым жерде орналасқан Ақмол ауылындағы саяси қуғын-сүргін мен тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешеніне барды.

Мұражайы қорған түрінде, ал кіреберісі қабырғаларға боялған тұтқындардың өмірінен қайғылы сәттері бар туннель түрінде безендірілген мемориальдық кешенінде спортшылар экспозициялармен, «Алаш», «АЛЖИР» залдарымен және «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмімен танысты. Аталған сапар спортшыларды елдің тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Орталықтың спортшылары мұражайдың тарихынан, репрессия мен тоталитаризм жылдарында жазықсыз зардап шеккен мыңдаған құрбандардың тағдырынан ерекше әсер алды.

Барлық фотосуреттерді мына жерден таба аласыз

Бөлісу: