Спортшылар андидопинг бойынша онлайн сабақ алды

15.04.2020

Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары мен жаттықтырушылар құрамы көптеген спорттық іс-шаралардың кейінге қалдырылуына байланысты, ҚазДҚҰО  ұйымдастыруымен қолға алынған допингке қарсы онлайн-тренингтен өтті. Үш күнге созылған толық онлайн-сабақтан соң, 148 спортшы республикалық және халықаралық дәрежеде маңызы бар, 3 тілде толтырылған сертификаттарға ие болды.

Айта кетейік, осы қатарлы курстар допинг қолданғаны үшін жауапкершіліктің артуына байланысты және 2019 жылы қабылданған «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген толықтырулар мен түзетулерге байланысты өзекті болып саналады.

Бөлісу: