Орталықтың спортшылары оқу-жаттығу жиыны мен Азия Чемпионатына қатысуда

18.04.2019

2019 жылдың 16 -28 сәуір аралығында велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының велошабандоздары Өзбекстан елінің Ташкент қаласында өтетін оқу-жаттығу жиыны мен Азия Чемпионатына қатысады.

Қыздар құрамасынан А.Соловьева, С.Пащенко, Р.Сұлтанова, А.Саркулова  тас жолы жарысында қарсыластарымен бақ сынасады. Байрақты бәсекеде спортшыларға бапкер А.Келебаев, массаж жасаушы А.Турмашев қолдау көрсетпек. 

Сондай-ақ, бапкер В.Брусенская бастаған спортшылар А.Лынник, Д.Буканова, А.Төлемісова, У.Сухоребрик дүбірлі сында сынға түседі. Механик Н.Зайцев.

Тас жолы жарысында ел намысын М.Попугаев, Ө.Сламжанов, Н.Хатпин, И.Достиев қорғайды. бапкер В.Горбачевский, механик Д.Тупченко.

Қазақстан құрамасына алдағы жарыста сәттілік пен жеңіс, жемісті жетістік тілейміз. 


Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі 

Бөлісу: