Орталық спортшылары «Азия парк» СОО кинотеатрында болды

31.07.2019

Кино көрерменге түрлі эмоциялар сыйлайды – күлдіреді, жылатады, қуантады немесе мұңайтады. Сол үшін де кино көруді еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін жақсы көреді. Ал адамның сүйікті фильмі психоэмоционалдық ахуалды жақсартып, демалуға мүмкіндік береді. Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау Орталығының спортшылары   шілде айының 29-ы күні   «Азия парк» сауда-ойын-сауық  орталығында орналасқан Арман 3D кинотеатрында болып қайтты. Кинотеатрға баруды Орталықтың оқу-әдістемелік бөлімінің қызметкерлері жас спортшылардың жалпы мәдени дамуы мақсатында ұйымдастырды.

Бөлісу: