Спортшыларымыз Швейцарияда өтетін әлем чемпионатына қатыспақ

08.08.2018

2018 жылдың 15-19 тамыз аралығында Швейцария елінің Эгль қаласында өтетін Әлем чемпионатына олипиадалық даярлау орталығының тәрбиеленушілері велоспорттан ел намысын  қорғамақ ниетте.

Жасөспірімдер арасында өтетін трек жарысына Анастасия Шаповалова, Алена Абрамчук, Андрей Чугай, Виктор Голов, Дмитрий Резанов, Дмитрий Шевцов, Эльвира Хамзина, Әсем Төлемісова, Анастасия Иванова, Ақтолқын Әбдіжаппар, Максим Гридчин, Игорь Юсифов, Рамис Дінмұхаметов, Сергей Кармажаков қатысады.

Жас спортшылардың жаттықтырушылары Иван Сиваш, Берік Көпешев, Светлана Тарасова болып табылады.

Спортшыларымыздың жүлделі орындарды иеленуіне және жемісті жетістікпен оралуына  тілекшіміз!

Велосипед спортынан олимпиадалық

даярлау орталығы» РМҚК баспасөз қызметі

Бөлісу: