Орталықтың спортшылары Manavgat Side Junior халықаралық жарысқа қатысуда

09.03.2022

Ағымдығы жылдың 3-4 наурыз аралығында Түркияның Алания қаласында велоспорттан юниорлар (тас жол) бөлімінің спортшылары Manavgat Side Junior халықаралық жарысына қатысты. Спортшылар 6,3 км жеке жарыс пен 50 км топтық жарыста додаға түсті. Жарыста Еуропа мен Азияның 12 мемлекетінен 87 спортшылар қатысты. Орталықтың 11 спортшысы жарыста еліміздің намысын қорғады.

Екі кезеңнің нәтижесі бойынша бас жіктелімде Ваганов Алексей 3 орынды иеленді!

Құттықтаймыз!

Бөлісу: