Байдарка мен каноэде есуден ҚР чемпионаты басталды

26.04.2021

2021 жылдың 24 сәуірінде Алматы облысында байдарка мен каноэде есуден Қазақстан Республикасының "Первомайские пруды" чемпионаты басталды.

Аталған жарысқа 3 қала мен 7 облыстан құрама командалардың 150-ден астам үздік спортшылары қатысады. Жарыс 2 жас тобындағы ұлдар мен қыздар арасында 9 түрлі дисциплина бойынша өтеді (2003-2004 ж.т. және 2005-2006 ж.т.)

Айта кету керек, жоғарыда аталған стартта тарихымызда алғаш рет ұлдар мен қыздар К2 mix 500 м және C2 mix 500 м. жарыс түрлеріне қатыса алады және ондағы топ бір ұл мен бір қыз спортышдан жасақталатын. Бұл жастар үшін соңғы бір жарым жылдағы алғашқы және маңызды жарыстардың бірі.

Барлық спортшылар мен жаттықтырушыларға денсаулық, сәттілік  және үлкен жетістіктер тілейміз!

Бөлісу: