«Шымкенттік коньки-2018» ашық турнирі басталды

04.05.2018

2018 жылғы 1-6 мамыр аралығындаОңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының мұз сарайында конькимен мәнерлеп сырғанаудан «Шымкенттік коньки- 2018» Ашық Республикалық турнирі өтеді.

Жарыс Қазақстан Республикасында мәнерлеп сырғанауды алға қарайжылжытып және дамытатынмықты спортшыларды анықтау мақсатында өткізіледі.

Республикалық Ашық турнирде Астанамыздың атын жаттықтырушы Әділ Жарболовтың  қол астындағыТоғжан Сапарбек, Айдана Бердибекова, Дарья Прокудина, Дамина Бекболова, Аружан Аханова асқақтатады.

Жас спортшыларға сәттілік пен жоғарғы спорттық табыстар тілейміз!

Баспасөз қызметі
Олимпиадаға даярлау 
орталығының велоспорт үшін

Бөлісу: