Қазақстан Республикасының ашық Чемпионаты басталады

06.02.2018

2018 жылғы 7-11 ақпан аралығындағы кезеңде «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК тректегі велоспорттан Қазақстан Республикасының Ашық чемпионаты (ерлер, әйелдер, қыздар, жасөспірімдер) өткізіледі.

Жоғарыда аталған спорт жарысының қатысушылары облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, Қазақстан Республикасы өңірлік велоклубтарының құрама командалары болып табылады. 

Мемлекет чемпионаты UCI халықаралық ережелеріне  және Қазақстан Республикасында жарыстар өткізу ережелеріне сәйкес өткізіледі.

Қазақстан Республикасының Чемпионатын салтанатты ашу салтанаты 8 ақпанда сағат 9:45 өткізіледі.

Велоспорттың барлық әуесқойлары үшін кіру тегін! 

Баспасөз қызметі
Олимпиадаға даярлау 
орталығының велоспорт үшін

Бөлісу: