Орталық таэквондошылары 4 медаль иеленді

12.06.2019

Жыл санап «Сарыарқа» велотрегі спортшыларының медальдар қоржыны толығып келеді. Алматы қаласында 2019 жылғы 2-5 маусым аралығында өткен Қазақстан Республикасының Чемпионатында да Велосипед спортшы бойынша олимпиадалық даярлық орталығының таэквондо секциясы бойынша жас спортшылары 4 медаль иеленді.

Аталған турнир – жас спортшылардың өз күштерін сынға салып, қуатын тексерудің тамаша тәсілі болды. Жартылай финал және финалдық сайыстарда Орталық спортшылары жүз пайыз күш салып, тамаша сайыс көрсетті.

Жеке разрядта және өз салмақ дәрежелері бойынша келесі қатысушылар 3 күміс және 1 қола медальға қол жеткізді:
Шералы Элеонора - 28 кг салмақта 2 орын
Каумбай Балнур - 34 кг салмақта 2 орын
Кудайбергенова Аружан – 30 кг салмақта 2 орын.
Арапат Балауса – 26 кг салмақта 3 орын.

Жас сайыскерлерді жеңістерімен құттықтап, алдағы уақытта да биік шыңдардан көрінуіне тілектестік білдіреміз!

Бөлісу: