Велоспорттан ҚР чемпионатының ашылу салтанаты өтті

25.04.2019

Бүгін «Сарыарқа» велотрегінде 13-16 жас аралығындағы жасөспірімдер мен қыздар арасында омниум, мэдисон, спринттік омниумнан Қазақстан Республикасы чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

Шара барысында Әлем чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның велосипед спорты федерациясы президентінің кеңесшісі Марат Сатыбалдиев спортшыларға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.

Естеріңізге салсақ, аталмыш жарыс төрт күнге созылады.


Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі 




Бөлісу: