Оқушылар арасындағы Спартакиаданың ашылу салтанаты.

16.06.2016

Бүгін сағат 10.00 велотрегінің ғимаратында оқушылар арасындағы Спартакиаданың салтанатты ашылуы өтті.1999-2001 жылы туған спортшылар қатысуда.Барлығы әр облыс құрамаларынан 20 спортшы. Жарыстар UCI халықаралық ережелеріне және Қазақстан Республикасының жарыс ережелеріне сәйкес өткізіледі. Жеке жарыстар 3 баллдық шкала бойынша 1-ден 16-ға дейін бағаланады. Командалық және топтық жарыстарда орындар No2 шкала бойынша 1-ден 16-ға дейін бағаланады. Командалық орындар бағдарламаның барлық түрлері бойынша 1-орыннан 16-орынға дейінгі ұлдар мен қыздардың бірлесіп жинаған ұпайларының қосындысы бойынша анықталады.

Спартакиада 20 маусымға дейін жалғасады, қызығушылық танытқандар үшін кіру тегін!

Олимпиаданың барысын біздің ресми парақшаларымыздан бақылай аласыздар VK-Velotrek TsOP-On-Velo-Sports,

Instagram - velotreksaryarka немесе телефон арқылы: 8 7172 70 72 34

Бөлісу: