Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің 25 жылдығына арналған салтанатты мерекелік концерт

19.06.2017

Биыл Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің құрылғанына 25 жыл толды. Еліміздің ішкі істер органдарының әр қызметкеріне бүл күн маңызды және мерейлі болып табылады. 

Қазақстан полициясы осы ширек ғасырда қауіпсіздік және тұрақтылық кепілі болып, бүгінгі күні кәсіби деңгейі жоғары қызметкерлермен жабдықталған. Қазақстан Республикасының ІІМ қажетті заманауи техникалық құралдармен жабдықталған,азаматтардың еркіндігін, конституциялық құқықтарын қорғауға, табиғи және техногенді сипатты төтенше жағдайларды жою және алдын-алу саласында, сондай-ақ басқа да жүктелген міндеттерді орындауға барлық мүмкіндіктері бар.

Еліміздің ІІМ-нің ардагерлеріне бұл мерейтой құрметті, себебі әр офицер ішкі істер министрлігіне өз өмірін арнады және қазақстан полициясының дайындалу, қалыптасу ісінде олардың еңбегі зор.

Республикалық велотрек спорт кешенінде 2017 жылдың 24-маусымында, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 25 жылдық мерейтойына салтанатты мерекелік шара өтеді. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің қызметкерлері, ардагерлері салтанатты мерекенің құрметті қонақтары болады.

 Мерекелік концертке ең үздік әртістер, әншілер, эстрада, театр жұлдыздары, ансамбльдер, би ұжымдары қатысады, Арнайы күштер, ҚР ІІМ Ұлттық Гвардия және Академиясы өзін көрсетеді. 

Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі

Бөлісу: