Жапония елшілігінің Кендоға қажет керек-жарақтарын тапсыру рәсімі

16.05.2018

2018 ж. мамыр айының 15 күні Жапония елшілігі Кендоға арналған керек-жарактарды « Қазақстандағы Кендо клубына» тапсыру және Иайдо шеберлігін көрсету рәсімін «Сарыарқа» Республикалық велотрегінің жекпе-жек спортзалында өткізді.

Жапония чемпионы Нобукадзу Ониси осы рәсімде Иайдо семсерін иелену өнерін көрсетті.

Иайдо, семсер бағыты, - ол Кэн-Дзюцу жауынгерлік өнерінің стилі, өте сирек кездесетін жауынгерлік ұрыссалу әдістемесі, өз тәнін иелене білуді және семсер қолдану дұрыс әдісін пайдалануды талап етеді. Иайдода ең бастысы – рухты жоғары сабырлықта ұстау. Шабуылға жауап беру реакциясы әр түрлі дене ұстау қалпында болады: отырып, жатып, тұрып. Оқыту сабақтарына семсерді пайдаланумен бірге күрес жүргізу әдебі, жауынгерлік рухты жоғары деңгейде иелену кіреді.

Аталмыш рәсімнің ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитеті.

2016 ж. Жапонияның Кендо федерациясының төрт шебері, Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ «Жауынгерлік өнер шеберлерінің Орта Азияға баруы» аясында Қазақстанға келген болатын. Сол күндері осы спорт өнері бұйымдарының Қазақстанда табылуы қиын екені аталған. Осыған орай, Кендо спортын әрі қарай дамыту максатында Жапонияның Кендо федерациясы керек-жарақтарды өтеусіз сыйлық ретінде тапсыруды шешті.

Баспасөз қызметі
Олимпиадаға даярлау 
орталығының велоспорт үшін

Бөлісу: