«Пара дзюдодан IBSA Гран-При » турнирі

28.05.2022

25-29 мамыр аралығында Нұр-Сұлтанда қаласында алғаш рет пара дзюдодан «IBSA Гран-При Нұр-Сұлтан 2022» турнирі өтеді. IBSA – International Blind Sports Association – әлемдегі көру қабілетіне байланысты спорт түрлеріне жауапты негізгі ұйым, сол себепті аталмыш турнир «әлемдік» категориясына ие болып табылады. Жарысқа 24 мемлекеттен 213 спортшы тіркелген. Гран При рейтиінгік, әрі классификациялық болып табылады, сол себепті әлемнің еі үздік пара дзюдошылары қатысады, әр елдің бірінші номерлері бақ сынасады. Қазақстан құрамасы 21 дзюдошымен тіркелді.

Бөлісу: