Еркектер мен әйелдер арасындағы дзюдо бойынша «Гран при» турнирі

03.10.2014

А.ж. 10-12 қазанда Астанада алғаш рет дзюдо бойынша Гран При  өтеді.

Оған әлемнің 38 елдерінен спортшылар қатысады (366 қатысушылар: 205 еркектер және 161  әйелдер). Ел абыройын Максим Раков -  2009 жылғы әлем чемпионы, Азамат Мұқанов -  2013 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Елдос Сметов - 2014 жылғы Азия ойындарының чемпионы және елдің басқа мықты чемпиондары қорғайды. «Сарыарқа» Республикалық велотрегінде жарыстар өтеді. Басталуы - 10 қазан сағат 10-да. Ресми баспасөз конференциясы  турнир қарсаңында 9 қазанда сағат 15:00-де     «RIXOS» («Шаңырақ» залы) қонақ үйінде өтеді.

БАҚ өкілдерін аккредиттеуХалықаралық дзюдо федерациясы тұғырнамасында онлайн режимде өтеді: www.datastat.si.

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласы әкімдігі,  Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы, «Дзюдо федерациясы» РҚҚ

Демеушілер: «Самұрық-Қазына» Әл-ауқат қоры» АҚ,  «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, А«SAT & Company» АҚ.

«Дзюдо федерациясы» РҚҚ баспасөз қызметі

Бөлісу: