Секция тәрбиеленушілері арасында шағын футболдан турнир өтті

21.12.2018

20 желтоқсан күні «Сарыарқа» велотрегінде тәрбиеленушілер арасында футболдан турнир өтті. Аталмыш турнирге 6-12 жас аралығында 40-қа жуық балалар қатысты.

Ойын барысында ала допты қуалап, өзінің жеңіске деген жігерлігін көрсеткен командалар үздік атанды.

Кіші топтардан «Реал» командасы (Мирам Таир, Тайбасаров Айтуар, Көпжасаров Алхан, Омаров Ансар, Ахмедин Абдурахман, Нышанғали Біржан, Алдаберген Ақылбек, Мирам Алан) 2 орынды місе тұтты. Ал «Ювентус» командасы (Ибраев Әмірхан, Абулхатин Әлихан, Бұршынбек Айсұлтан, Билялиев Никита, Кабдулбар Санжар, Джұмағұлов Мансұр, Мұқажанов Амир, Мұқатов Нұрхан) жүлделі 1 орынды иеленді. 

Жоғары топтан «Сарыарқа» командасы (Серік Нұрахмет, Бисенғалиев Артур, Әбдісабр Елдос, Жанболат Ерасыл, Асан Әли, Ғабдулмавлют Жақсылық, Мирам Тарлан, Кәрібжанов Алтынбек, Сейдәлі Нұрәлі) 3 орынға тұрақтады. «Астана Сити» командасы (Болатбек Айбын, Айтышев Қуаныш, Дінмұхаммед, Рахим Амир, Тасболат Тамерлан, Әміртаев Иманғали, Ашман Әліби, Бақберген Бекдәулет, Буланин Артем) қарсыласына есе жіберіп, 2 орынды қанағат етті. Ал «Барыс» командасы (Тұрсынбаев Ерасыл, Пак Ален, Еркінбекұлы Сұңқар, Катомцев Юсуф, Мирам Амир, Есенжол Бектөре, Галимарданов Даниял, Ғалымұлы Шыңғыс, Юдин Дмитрий) өзгелерден әлдеқайда басым болып, 1 жүлделі орынды иеленді. 

Жеңімпаздарға орталықтың атынан медальдар мен жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. 

Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі

Бөлісу: