БАҚ және спорт ұйымдары арасындағы мини-футбол бойынша турнир

11.08.2014

2014 жылғы 16 тамызда сағат 10:00-де «Сарыарқа» Республикалық велотрегі» РМҚК әкімшілігі БАҚ және спорт ұйымдары арасындағы мини-футбол бойынша турнир ұйымдастырады. Мұндай турнирлерді өткізу Сарыарқа Республикалық велотрегінің дәстүріне айналды.

Қызметтің бүкіл кезеңінде өткізілетін акциялар ішінде – тегін негіздегі фитнес-орталыққа бару акциялары, мини-футбол бойынша турнирлер, эстафеталар, жүзу бойынша жарыстар, теннис бойынша турнирлер.

Бұл іс-шараның мақсаты мен міндеттері - Қазақстанда футбол және аула спортын дамыту және дәріптеу; Қазақстан Республикасының халқы арасында  белсенді салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарыстар бағдарламасы:

1. Турнирдің ашылуы сағат 10:00-де
2. Сағат 10:15-де жеребе салу
3. БАҚ және спорт ұйымдары арасындағы турнир сағат 10:20-да (ойынның айналмалы жүйесі)
4. Жеңімпаздарды марапаттау сағат 12:00-де

 Жеңімпаз «Сарыарқа» велотрегінің Кубогымен және естелік сыйлықтарымен марапатталады

Өткізу орны:  Қабанбай батыр даңғ. 45а, «Сарыарқа» Республикалық велотрегі» РМҚК аумақтың солтүстік-батыс бөлігі

БайланыстарСейталиева Анара +7 (7172) 70-71-52, +7 (778) 948-42-84, Ноғаева Жанара: +7 (7172) 707-146; +7 (701) 922-91-97.

 «Сарыарқа» Республикалық велотрегінің баспасөз қызметі

Бөлісу: