Ашық Есік Күні шеңберінде балалар үйі тәрбиеленушілері арасында мини-футбол бойынша турнир

26.07.2014

2014 жылғы 26 шілдеде «Сарыарқа» Республикалық велотрегі кешеннің әкімшілігі тоқсан сайын өткізетін Ашық Есік Күні шеңберінде балалар үйі тәрбиеленушілері арасында мини-футбол бойынша турнир ұйымдастырды. 

Турнир кубогы үшін Светоч балалар үйінің және Ақкөл қ. балалар үйінің  командалары күресті. Бұл турнирді өзінің алғы сөзімен «Сарыарқа» Республикалық велотрегі»  РМҚК өкілі Әбдрахманов Серік Жұмағазиұлы ашты: «Мини-футбол бойынша турнир қатысушыларына қош келдіңіздер деймін!

Біз үшін мұндай турнирлерді өткізу дәстүрге айналды. Біздің өсіп келе жатқан ұрпақ үшін турнирлерді, тегін акцияларды, эстафеталарды, жарыстарды өткізуіміз бірінші жыл емес. Жуырда біз бүгінгі қатысушыларымызды қуана-қуана алып баратын аула мини-футбол алаңдарын ашамыз».

Осы ойында Ақкөл қ. балалар үйінің командасы жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар Кубокпен, «Астана» ФК футболистерінің қолы қойылған доптармен марапатталды.

Фотоесеп

«Сарыарқа» Республикалық велотрегінің баспасөз қызметі 

Бөлісу: