Оқушылар арасындағы турнир

26.09.2014

2014 ж. 26 қыркүйекте «Сарыарқа»  велотрегінің мини-футбол алаңдарында финал және Астана қ. Сарыарқа ауданы оқушылары арасында мини-футбол бойынша турнирдің 3-орынға ойын өтті.

Турнир 23 қыркүйекте өтті.   Бұл күні Астана қ. оқушыларының 7 командалары арасында плей-офф ойындары және жартылай финал ойындары өтті. Мини-футбол бойынша финалдық ойындарға 4 мектеп командалары өтті: Ғафу Қаирбеков атындағы №2  мектеп-гимназиясы, №7 мектеп гимназиясы, №61 орта мектеп және Қазақ-түрік лицейі.

Турнир қорытындылар бойынша бірінші орынды Қазақ-түрік лицейі, екінші орынды-  №61 орта мектебі, үшінші орынды –№7 мектеп гимназиясы алды. Жеңімпаздар Кубокпен және естелік сыйлықтармен мараптталды.

Турнир ұйымдастырушылар «Жас Ұлан» Бірыңғай балалар-жастар ұйымы» РҚБ болып табылады. «Сарыарқа» Республикалық велотрегі» РМҚК және «Жас Ұлан» Бірыңғай балалар-жастар ұйымы» РҚБ  одан арғы жоспары аса ауқымды деңгейде балалар арасында турнирлер мен ғаламдық чемпионаттар өткізу.

«Бұл біздің өткізген бірінші іс-шара емес. «Сарыарқа» велотрегі бізбен ынтымақтасуға бастама жасауы бірінші рет емес.  Мұндай іс-шара балаларды біріктіруге және жас ұрпақты салауатты өмір салтына және өз бос уақытын мақсатты өткізуге тартуға  мүмкіндік береді», -  деп бөлісті, «Жас Ұлан» Бірыңғай балалар-жастар ұйымы» РҚБ өңірлік даму бөлімінің маманы Қазтаева Гүлнұр.

 «Сарыарқа» велотрегінің баспасөз қызметі

Бөлісу: