Велошабандоздар Азия Кубогында жеңіс тұғырынан көрінді

22.10.2018

Естеріңізге салсақ, 2018 жылдың 17-21 қазан аралығында велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының тәрбиеленушілері Индонезияның Лембанг қаласында өткен Азия Кубогы жарысына қатысты. 

Жарыстың үшінші күні ұлдар арасындағы маунтинбайктен Болат Ниязов алтын медальды еліміздің қоржынына салды. Ал, Денис Сергиенко күміс медальға, Никита Кабачек қола медальға қол жеткізді. Қыздар арасындағы жарыста қарсыластарынан оқ бойы озып шыққан Татьяна Богданова 1 орынды иеленді.

Ендеше, орталықтың спортшылары мен бапкерлер құрамын үздік нәтижемен құттықтаймыз! Алдағы уақытта дүбірлі додаларда жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектеспіз. Еліміздің көк байрағы мәңгі желбірей берсін!

Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі

Бөлісу: