Орталық спортышалары велоспорттан Азия Чемпионаты-2020 бәсекесінде үздік нәтижелер көрсетті

21.10.2019

Оңтүстік Кореяның Чинчхон қаласында велоспорттан Азия Чемпионаты-2020 бәсекесі өтті.  

Орталығымыздың велошабандоздары сайыстың алғашқы күнінен бастап үздік нәтижелер көрсетті. 

Нақтырақ айтқанда, із кесуден командалық жарыс бойынша юниорлар - Александр Бекенов, Дмитрий Потапенко, Дмитрий Носков және Бауыржан Жапарұлы және юниор қыздар  - Ульяна Сухоребрик, Кристина Титовская, Кристина Стужук, Ақпейіл Өсім қола жүлдеге қол жеткізді. 

Жеке із кесу бәсекесінде Носков Дмитрий, Жұмақан Әлішер күміс жүлде иегерлері атанды. Ал юниор қыздар арасында  Титовская Кристина тағы бір күміс медаль еншіледі.  Сонымен қатар, Бекенов Александр скретч бәсекесінде екінші орын иеленді. 

Гит бәсекесі бойынша Андрей Чугайға тең келетін ешкім болмады. Ол 1 км қашықтықты 1:01.639 уақыт аралығында бағындырды. Юниорлар мен юниор қыздар арасында Дмитрий Потапенко мен Ақпейіл Өсім көзге түсті. 

Потапенко омниум бойынша пьедесталдың екінші сатысына көтерілсе, Өсім ұпай бойынша топтық бәсекеде үздік үштікті қорытындылады. 

Скретч бәсекесінде Жұмақан Әлішер мен Султанова Рината күміс жүлдеге қол жеткізді. Сайыстың соңғы күндері орталық спортшылары 2 алтын жүлде еншіледі. 

Ұпай бойынша топтық жарыста Бекенов Александр үздік нәтиже көрсетсе, омниум бойынша Өсім Ақпейіл Азия чемпионы атанды!

Спортшыларымыз бен бапкерлерді АЧ-2020 сайысында көрсеткен лайықты еңбектерімен құттықтаймыз!

Бөлісу: