Спортшыларымыз әлемдік жарыстарға қатысуда

19.10.2018

2018 жылдың 17-21 қазаны аралығында велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының тәрбиеленушілері Индонезияның Лембанг қаласында өтіп жатқан Азия Кубогы жарысына қатысуда. Маунтинбайк жарысында ел намысын Сергиенко Д., Ниязов Б., Аликулов Т., Карпухин Н., Кабачек Н., Богданова Т қорғайды. Тартысты додада аға жаттықтырушылар Аканов Т.К., Головащенко А.В., механик Стрелецкий А.В спортшыларға қолдау білдірмек.

2018 жылдың 17-22 қазан аралығында велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының тәрбиеленушілері Француз елінде өтіп жатқан Әлем Кубогы жарысына қатысуда. Париж қаласындағы трек-спринт жарысында Пономарев С., Чугай А. қарсыластарымен бақ сынауда. Байрақты бәсекеде спортшыларға бапкер  Савицкий В.С., механик Дмитриев В. қолдау көрсетпек.

Қазақстан құрамасына алдағы жарыста сәттілік пен жеңіс, жемісті жетістік тілейміз.

Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі

Бөлісу: