Таеквондошылардың ағымдағы айдағы жетістіктері

30.09.2020

Қыркүйек біздің таеквондошылар үшін жемісті болды. Шығыс жекпе-жегінен жаттықтырушылар Бейсембай Әлішер мен Касеова Азалия таеквондо бойынша жаттықтырушы-оқытушыларға арналған бір аптаға созылған біліктілікті арттыру курсынан өтті. Курс дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Айта кетейік, біздің жаттықтырушылар қабілеттерін ұштау және біліктіліктерін арттыру мақсатында түрлі курстар мен шеберлік сағаттарына тұрақты түрде қатысып тұрады. Бұл өз кезегінде біздің орталықтың кәсіби қызмет көрсетінінің тағы бір дәлелі бола алады.

Жаттықтырушылармен қатар, карантин уақытында секция тәрбиеленушілері аттестацияға дайындық жұмыстарын жүргізген еді. Олар осы айда арнайы емтиханнан сүрінбей өтіп, өздерінің белбеулеріне қол жеткізді:

1. Дүйсенбай Әсел (сары белбеу);

2. Сакен Томирис (сары белбеу);

3. Омуржанова Аиша (сары белбеу);

4. Әміре Айдын (жасыл белбеу);

5. Данияров Алимхан (жасыл белбеу);

6. Ёлкин Максим (жасыл белбеу);

7. Шералы Шерхан (жасыл белбеу);

8. Ахмедов Осман (жасыл белбеу);

9. Урузалин Нұрсұлтан (жасыл белбеу);

10. Асубай Жангир (жасыл белбеу);

11. Мухтар Бекжан (жасыл белбеу);

12. Әділхан Ерсұлтан (жасыл белбеу);

13. Адылхасын Алинур (жасыл белбеу);

14. Мукушкин Алибек (көк белбеу);

15. Бейбітқызы Адема (көк белбеу);

16. Нұрлан Алижан (көк белбеу);

17. Нұрлан Адиля (көк белбеу);

18. Курал Юнус (көк белбеу);

19. Қуандық Арлан (көк белбеу);

20. Қалқабай Заңғар (көк белбеу);

21. Тю Мария (қызыл белбеу);

22. Алиев Аркен (қызыл белбеу).

Жоғарыда аты аталған барша жас спортшыларымызды аттестацияны сәтті аяқтауларымен, сондай-ақ жаттықтырушыларымызды алған куәліктерімен құттықтаймыз! Спорт жолында биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!

Бөлісу: