"АСТАНАНАНЫҢ" СЕНІМДІ ЖЕҢІСІ!

05.02.2015

Қазақстан чемпионаты аясындағы ойындар сериясының екінші матчы аяқталған болатын. Бізге мәлім болғандай, «Астана» өз алаңында «Каспий» БК-ын қарсы алды.

«Астананың» бастаушы бестігі: Джерри Джонсон, Рашид Махалбашич, Павел Ильин, Никлас Каньер-Медли, Джейкован Браун.
«Астананың» торына 3-ұпайлық доп лақтырып, «Каспий» матч есебін ашты. 7-ші минутта «Астана» есепті теңестірді. 1-ші кезеңнің ортасында «Астана» 5 ұпай алда болады. Бірінші кезеңнен кейінгі есеп – 23:17. Екінші кезеңнің басында «Каспий» астаналық команданың торына 2-ұпайлық доп лақтырады, бұған жауап ретінде Виталий Лапченко да қарсыластарға 2-ұпайлық доп соғады. «Каспий» алған тайм-ауттан кейін «Астана» Ақтау командасының торына тағы 2 ұпай соғады. Үлкен үзілістен кейінгі бірінші минутта Джейкован Браун «Каспий» торына 3 ұпайлық доп тигізеді. 3-ші кезеңнің ортасында есеп 48:29 болды, ал төртінші кезеңде «Астананың» артықшылығы 20 ұпай құрап, ойын нәтижесі анық болды. Ойын есебі – 76:56. 
 
«Астананың» үздіктері: Павел Ильин - 14 ұпай, Рашид Махалбашич - 12 ұпай, Виталий Лапченко - 10 ұпай, Рустам Мурзагалиев және Никлас Каньер-Медли – әрқайсысы 8 ұпайдан, Анатолий Колесников - 7 ұпай, Дмитрий Климов - 5 ұпай.
Жігіттерімізді осындай сенімді жеңіспен құттықтаймыз!
«Астана» БК-ның келесі матчы қонақта өтеді. «Астана» Волгоградқа барып, ВТБ Біріккен Лигасы додасының аясында 8 ақпан күні «Красный Октябрь» командасымен ойнайды. 

www.bcastana.kz

Бөлісу: