Астанада EXPO 2017-ге арналған велосипед жарысы өтеді EXPO 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған велосипед жарысы Астана қаласында 20-мамырда өтеді.

18.05.2017

Қатысушыларды тіркеу 8:00-ге белгіленген, ал велосипед жарысының өзі «Астана Арена» стадионында 9:00-де басталады. Велосипедшілер Қабанбай батыр көшесімен Қорғалжын тас жолына дейін жетіп, сол жерден Тұран даңғылына бұрылып және басталу орнында жарысты аяқтайды. Жолдың жалпы ұзақтығы 10,5 шақырымды құрайды.

Басталу орнында велосипедтерді жалға беру станциялары орнатылады. Велосипед жарысының нәтижесі бойынша түрлі номинация жеңімпаздарына жүлделер ұсынылады.

Іс-шара ASU және Astana Bike компаниясы және «Самұрық-Қазына»ЖМҚ» АҚ бас серіктесінің қолдауымен Қазақстанның велосипед спорты федерациясымен және Астана қаласы әкімдігімен өткізіледі.

Бөлісу: