Астанада жаппай велошеру өтті

07.05.2016

Бүгін, 7 мамырда Ұлы Отан соғысы жеңісінің 71 жылдығына арналған бірінші қалалық велошеру өтті. Бүгінгі велошеру Астанадағы веломаусымның ашылуын атап өтті. Велошерудің айрықша ерекшелігі оның өткен жылдарға қарағанда кеңірек таралуында болды. Іс-шараға 2000-нан астам адам қатысты.

Шараны ұйымдастырушылар Қазақстан велоспорт федерациясы, «Астана» президенттік спорт клубы, Астана қаласының әкімдігі, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі болды.

Қазақстанда велоспорттың танымал болуы жалғасуда, бұған Қазақстанның әртүрлі қалаларында өтетін велошерулердің көптігі дәлел.

Бұл акция халықты белсенді спортқа және салауатты өмір салтына тартуға, велосипедті экологиялық таза көлік түрі ретінде насихаттауға, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ардагерлеріміздің ерен ерлігіне ризашылық пен алғыс білдіруге бағытталғаны атап өтілді. 2016 жылдың веломаусымының басы болады.

Назарларыңызға шараның қысқаша фоторепортажын ұсынамыз:

Бөлісу: