Астанада омниум жарысының Ұлттық чемпионаты басталды

04.04.2024

Бүгін омниум жарысынан Республикалық Ұлттық чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл маңызды іс-шараға 15 команда қатысады, олардың құрамында  еліміздің әр аймағынан кіретін 188 спортшы бақ сынамақ. Омниум велоспортта көпсайыстан тұрады, онда уақыт жарысы, жаппай старт, критериум және тағы басқа бірнеше түрі біріктірілген.

Спортшыларға  ел чемпионатының жарыстары өз шеберліктерін, спорт өнерін жоғары деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді және омниумда спортшылар чемпион атағы үшін күресіп, өздерінің төзімділігін, жылдамдығы мен тактикалық шеберлігін көрсете алады.

Бөлісу: