Ашық есік күні балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесу өткізілді

28.05.2018

Ең мейірімді мерекелердің бірі – жаздың  алғашқы күні жыл сайын  мерекеленетін Халықаралық балаларды қорғау күні. Сонымен, 2018 жылғы 28 мамырда осы мереке қарсаңында «Сарыарқа» республикалық велотрегінде балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін «Бақытты балалық шақ» партиялық акция аясында ұйымдастырылған Ашық есік күні өткізілді.

 

Кездесу уақытында балалар үшін  көп функционалдық спорт кешені - «Сарыарқа» велотрегінің мүмкіндіктерімен таныстыру бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Сонымен қатар, балалардың қатысуымен фитнес орталығының бассейнінде спорттық-ойын-сауық бағдарламасы өткізілді. Кездесу аяқталғаннан кейін Ашық есік күніне келген барлық балаларға естелік сыйлықтар тапсырылды.

 

Балаларды қорғау – бұл өте маңызды! Олардың моральдық дамуы, біздің азаматтық қоғамды дамыту, қазақ  халқының  мықты, моральдық сау өкілін қалыптастыру үшін маңызды, сондықтан 1 маусымдағы акцияның өзінің өте зор моральдық мәні бар. Осы акцияның бастаушылары «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалының «Мәдениет» бастауыш партия ұйымдарының мүшелері  және «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК – спорт кешенінің әкімшілігі болып  табылады.

 

 

Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының баспасөз қызметі

Бөлісу: