Наманган қаласында (Өзбекстан) велоспорт бөлімінің спортшылары ұлдар мен қыздар жақсы нәтижелер көрсетті

11.04.2022

Орталықтың спортшылары үздік нәтиже көрсетті.

Ағымдығы жылдың 4-8 сәуір аралығында Өзбекстанның Наманган қаласында велоспорттан жасөспірімдер, қыздар (тас жол) бөлімінің спортшылары тас жолдан көпкүндік халықаралық жарысына қатысты. Жарыста үш елден 126 спортшы қатысты. Спортшылар жарыстың төрт кезеңінде күш сынасты: 8 км жеке жарыс, 61 км топтық жарыс, 58 км топтық жарыс, 58 км топтық жарыс.

Орталықтың спортшылары тұғырда барлық орынды иеленіп, үздік нәтиже көрсетті.

Кезеңдердің нәтижелері бойынша бас жіктелімде жасөспірімдер арасында: Полужный М. 1 орынды, Бейсембай М. 2 орынды, Рысбай Д. 3 орынды иеленді. Қыздар арасында Буренкова А. 1 орынды, Удовыкина Е. 2 орынды, Титова Т. 3 орынды иеленді.

Құттықтаймыз!

Бөлісу: