Нью-Делиде (Үндістан) Тректегі Азия Чемпионаты өтті.

23.06.2022

Ағымдағы жылдың 18-22 маусым күндері Нью-Делиде (Үндістан) Тректегі Азия Чемпионаты өтті. Құрлықтың басты додаларына Азияның 18 елінен 277 спортшы қатысты.

Тректің темптік түрлерінен юниорлар арасында Қазақстан Республикасы құрамасының спортшылары құрлықтағы ең мықты спортшылары болып шықты. Ізге түсуден командалық жарыста М.Тараскин, И.Карабутов, В.Белугин және А.Сылықбек бар Қазақстан құрамасы Азия чемпиондары атанды. Ізге түсуден жеке жарыста М.Тараскин Азия Чемпионы жейдесін жеңіп алды. И.Карабутов ең қиын көпсайыс – Омниумда алтын медальді иеленді.

Тректің темптік түрлерінен юниор қыздар арасында Е.Склярова, Е.Гринберг, В.Казакова және А.Юнкман бар Қазақстан құрамасы ізге түсуден командалық жарыста қола медальдарын жеңіп алды. Топтық ұпай жарысында Е.Гринберг күміске қол жеткізді.

Тректің спринттік түрлерінен юниорлар арасында К.Курдиди 1 км Гит жарысында құрлықтың ең мықтысы және Азия чемпионы атанды. Ол сондай-ақ Спринт жарысына қатысып, күміс медаль жеңіп алды. Құрамында Р.Бейсембаев, К.Курдиди және М.Алпатов бар Қазақстан құрамасы командалық спринтте күміске қол жеткізді.

Тректің спринттік түрлерінен ерлер арасындағы Спринт жарысында А.Чугай қола жүлдені жеңіп алды.

Спортшыларымызды Азия Чемпионатында тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз!

Бөлісу: