Спортшымыз Тула қаласындағы жарыста жеңіске жетті

01.08.2018

2018 жылдың 27 шілдесі мен 1 тамызы аралығында Тула қаласында өтіп жатқан велоспорт бойынша Ресей біріншілігіндегі халықаралық жарыста спортшыларымыз бақ сынауда. Нәтижесінде қыздар арасындағы топтық жарыста ұпай бойынша 1 орынды Кристина Титовская иеленді. 

Жеңімпаз спортшымызды жүлдесімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта алар асуы биік болсын және спортта жемісті жетістік тілейміз! 

«Велосипед спортынан олимпиадалық

 даярлау орталығы» РМҚК баспасөз қызметі

Бөлісу: