Азия чемпионаттарының алғашқы күнінде қазақстандықтар екі алтын медальмен марапатталды!

08.02.2018

Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының спортсмендері  тас жол велоспорты Азия чемпионатының бастапқы күнінде  елімізге екі  алтын медальдарын жеңіп алды!

Бүгін Мьянманың астанасы Нейпьидода тас жол велоспортынан Азия чемпионатының бірінші күні өтті. 

Континенттік велошабандоздар арасында ең жоғары нәтижеге жеткен қазақстандық 17 жастағы   Даниил Пронский алтын медаль жеңіп алды. Оның юниорлар арасындағы 22.7.км тас жол дара қудалау жарысындағы сайыс уақыты  29:21 сағат болды. Даниилдың бапкері Сладков Е.А.

Осымен қатар 17-жастағы юниорка Марина Курносовада бәрімізді қуанышқа жеткізіп, 11 км дара қудалау жарысын үздік нәтижемен, яғни  15:42 сағатта, бітірді. Маринаның жаттықтырушысы Брусенская Б.А.

Спорстмендерімізді керемет көрсеткіштерімен құтықтаймыз және алдағы жарыстарда зор табыс тілейміз!

Естерінізге сала кетейік, тас жол велоспортынан Азия чемпионаты ақпан айының 13-ші күніне дейін өтеді.

Баспасөз қызметі
Олимпиадаға даярлау 
орталығының велоспорт үшін

Бөлісу: