Николь Шерзингермен бірге өтетін концертке билеттер сатылуда

02.07.2013

Танымал америкалық әнші, PussycatDolls тобының вокалисті Николь Шерзингердің айдарымен «Асқақтайбер, Астана!» дискотекасының билеттері Астана кассаларында пайда болды.

Жыл сайын қала күнінде өтетін қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздарының «Асқақтайбер, Астана!» атты салтанатты гала-концерті елорданың бірегей брендіне айналып үлгерді.

Биылғы жылы концерт «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтеді. Концертке танымал ресейлік эстрада әртістері мен хит-парадтардың көшін бастап тұрған шетелдік жұлдыздар қатысады.

Астанада елорданың 15 жылдығын мерекелеуде Луина, Әли Оқапов, қазақтың танымал «Асыл» этно тобы, «Арнау дуэт», «СонПаскаль», «К-Рим», «А-Студио», «Диско Авария», «Потап пен Настя» және т.б.

Бөлісу: