«Нұр-Сұлтан «ОДО» РМҚК-да Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы тақырыбы бойынша ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментімен жоспарланған онлайн конференция (Zoom meetting) өтті.

13.07.2021

12 шілдеде Нұр-Сұлтан олимпиадалық даярлау орталығының конференц-залында Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы тақырыбы бойынша ҚР  сыбайлас жемқорлықтқа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментімен жоспарланған онлайн конференция (Zoom meetting) өтті.

Орталық қызметкерлерінің алдында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Әйгерім Аңсағанқызы Аңсағанова сөз сөйледі. Өз сөзінде Әйгерім Аңсағанқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер және Агенттік жұмысының басым бағыттары және қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін бірінші басшылардың жауапкершілігін күшейту туралы айтып берді.

Сондай-ақ, спикер пара беру және парақорлыққа делдал болу үшін жауапкершілікті күшейтетін қабылданған нормалар, ҚР-дағы сыбайлас жемқорлық рейтингінің серпіні туралы айтты.

Бұдан басқа, қатысушылар сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарламаларды беру үшін Call-орталықтың 1424 нөмірі бойынша жұмысы туралы хабардар етілді.

Осы тақырып бойынша материалдармен толығырақ төменде таныса аласыз.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты

Бөлісу: