Орталықта жаттықтырушылар кеңесі өтті

27.12.2018

Ағымдағы жылдың 26-27 желтоқсанында «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК велосипед спортынан барлық аға бапкерлер мен оқу-әдістемелік бөлімі мамандарының қатысуымен жаттықтырушылар кеңесі өтті.

Аталмыш жиында 2019 жылға арналған дайындық жоспары, тізімдік құрамды қорғау және талқылау, жыл ішінде ЖФД кезеңдік дайындық бойынша нақты жоспарлар мен өзгерістер, Қазақстан мен шет елде өткізілетін жарыстардың қажеттілік саны және оны қайта қарау, кезеңдік теория, тактика, техника және психологиялық дайындық бойынша нақты жоспарлар, сондай-ақ қалпына келтіру кезеңдері туралы сөз етілді.

Сондай-ақ, жиын барысында орталық спортшыларының жеке жоспары мен ұйымдастыру және проблемалық мәселелер талқыланды. Кеңес барысында қатысушылар Азия және Әлем чемпионаттары мен Кубоктарында жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін оқу-жаттығу жиыны кезінде заманауи әдістемелерді тиімді пайдалану және дайындық құрылымына өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы өз пікірлерімен бөлісті.  

Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі

Бөлісу: