Орталықта бодибилдингтен Орта Азия чемпионатының баспасөз брифингі өтті

23.05.2019

Бүгін «Сарыарқа» велотрегінің мәжіліс залында бодибилдингтен бірінші Орта Азия чемпионатының баспасөз брифингі өтті.

Брифингке ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, бодибилдингтен ҚР федерациясының президенті Александр Колюка, AFBF президенті Очир Ганбаатар және IFBB Elite Pro атлет Екатерина Шаламова қатысты.

Естеріңізге салсақ, жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікістан және Ауғаныстан мемлекеттерінің атлеттері қатысады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда 150 ден астам спортшы қатысуға өтінім білдірген.

Чемпионат IFBB Халықаралық федерациясы бекіткен ережелерге сәйкес AFBF Азия федерациясы (Asian Federation of Bodybuilding and Fitness) мен IFBB Qazaqstan федерациясы өкілдерінің қатысуымен өтпек.


Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі


Бөлісу: