Түркияда маунтинбайк-марафон бойынша әлем чемпионаты аяқталды

27.10.2020

Түркияның Сакарья провинциясында маунтинбай-марафон бойынша әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Сайыс нәтижесіне орай, Olympic.kz қазақстандық спортшылардың нәтижелерімен бөлісті.

Сайыс қорытындысы бойынша, ақтық хаттамада тізімнің 33-жолағына Денис Сергиенко жайғасса, Шакир Адилов 36-шы болып мәреге келген. Ал Темирлан Мухамедьянов 41-орынға табан тіреді.  Сайыс жеңімпазы ретінде колумбиялық шабандоз Эктор Леонардо Лион танылды. Екінші орын португалиялық Тьяго Феррейроға тиесілі болса, үздік үштікті Мартин Стошек қорытындылап тұр.

Дереккөзі: Olympic.kz

Бөлісу: