Мамандар спорт саласында орын алған мәселелерді талқыға салды

28.03.2019

Бүгін, 28 наурыз күні «Сарыарқа» велотрегінде мемлекеттік бапкерлер, федерациялардың өкілдері және ұлттық командалардың басшылары мемлекеттік және қоғамдық мекемелер арасындағы өзара әрекеттестік процесінде туындайтын проблемалық мәселелерді талқылау үшін жиналды.

Отырыс қатысушылары мемлекеттік бапкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын қайта қарастыру, атап айтқанда, еңбек өтілін арттыру туралы мәселе көтерді. Тағы бір маңызды ұсыныс мемлекеттік бапкерлер мен командалардың басшылары  арасындағы лауазымдық міндеттерді бөлу және шектеу болды.

Аталған отырыстың спикерлері ретінде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов және ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сапиев және ҰОК директоры Елсияр Канагатов болды.

Велоспорт бойынша ОДО баспасөз қызметі

Бөлісу: