«Сарыарқа» велотрегінде ҚР-дағы терроризм мен экстремизмнің алдын алуға орай дәріс өткізілді

07.11.2019

«Сарыарқа» велотрегінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы аумағындағы террористік актілердің және экстремизмнің алдын алу мақсатында велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы қызметкерлерінің қатысуымен танымдық дәріс өткізілді.

Бүгінде террорлық әрекеттер ұлттық мемлекеттерді ғана емес, әлемнің әр түкпірінде белең алуда. Қазіргі уақыттағы зерттеулердің көрсетуінше,  дамыған әлем елдері алдында да терроризммен күрес мәселесі күн тәртібіне қойылған. Біздің еліміз де  аталған құбылыстардың алдын алу іс-шараларын қоғам болып жүргізуді жолға қойып отыр.

Жиынның басты спикері ретінде Нұр-Сұлтан қаласындағы экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел, аға уәкілі Амир Маратұлы сөз сөйледі. Елдің ұлттық қауіпіздігін қамтамасыз етуде терроризммен күрес басты бағдарлардың бірі болып саналады. Ол өз баяндамасында Ислам дінінің радикалды идеяларды таратпайтынын атап өтіп, осы саладағы сауаттылық деңгейін көтеру және дұрыс ақпарат көздерін таңдау қажеттілігін атап өтті.

Сондай-ақ, баяндамашы халық арасында экстремизм мен терроризмнің бар екендігін және онымен күресу жолдарын түсіндіру, аталмыш ұйымдармен ортақ жұмыстардан абай болу керектігін жеткізді.

Бөлісу: