Велотректе «Жас дельфин» турнирі өтеді

19.12.2019

2019 жылдың 21 желтоқсанында «Сарыарқа» велотрегінде ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі құрметіне «Жас дельфин» турнирі өткізіледі. Онда велосипед спортынан олимпиадалық даярлау Орталығындағы жүзу секциясының тәрбиеленушілері өз бақтары мен баптарын сынайтын болады.

Турнир спортты дамыту және насихаттау, өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына бейімдеу, олардың денсаулықтарын нығайту және күнделікті физикалық жаттығуларға баулу мақсатымен өткізіліп отыр.

Аталған іс-шарада 7 мен 14 жас аралығындағы 96 қатысушы 25, 50 метр қашықтықта, ал командалық сайыста 100 метрге жүзуден сайысқа түседі.

Турнир жеңімпаздары алғыс хаттармен және медальдармен марапатталады.

Іс-шараны көріп, тамашалаймын деушілерге есігіміз ашық!

Өткізілетін орны және уақыты:
Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғ., 45А, «Сарыарқа» фитнес орталығы (батыс кіреберіс).
Басталуы: сағат 10:00.

Бөлісу: