Бос лауазым

24.07.2018

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру және спорт министрлігі «Велосипед спортынан олимпиадалық дзаярлау орталығы» РМҚК бос лауазымдарына орналасуға КОНКУРС жариялау 

Конкурстардың барлық қызметкерлеріне қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру және спорт министрлігі «Велосипед спортынан олимпиадалық дзаярлау орталығы» РМҚК келесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

- Қауіпсіздік қызметінің басшысы  А3-1 (бір бос  орын)

Конкурстың қатысушыларына қойылатын талаптар:  «Заң» немесе «Жоғарғы милиция мектебі»  мамандықтардың біреуінен: жоғары білімнің, күзету агенстволарында немесе құқық қорғау құрылымдарында  5 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.

Санат

Қызмет өткерген жылдарға байланысты

 

min

max

А3-1

85500

170 000

Келесі құзыреттердің болуы: бастамашылдық, коммуникативтілік, талдамашылдық, ұйымдастырушылдық, әдептілік, сыбайлас жемқорлықты төзбестік. Сондай-ақ, кандидаттың өз функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа міндетті білімдері болу тиіс.

Кәсіпорынның негізгі қызметі спортшылардың орталықтандырылған дайындығын қамтамасыз ету және өткізу болып табылады.

Конкурсқа қатысуға ықылас білдірген тұлғалардың келесі құжаттары болу тиіс:

1) қоса ұсынылатын құжаттардың тізімі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке бас куәлігі құжатының көшірмесі;

3) толтырылған кадрларды есепке алу жеке парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген) ;

4) лауазымға қойылатын біліктік талаптарға сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

5)  еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының  2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама

7) жемқорлық қылмыстарды жасау туралы мәліметтердің бары немесе жоқтығы туралы анықтама.

Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурс қатысушысына құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысуға үміттенуші тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 45 «А» мекен-жайы, saj_kz@mail.ru электрондық мекен-жай, 707202 тел. бойынша он бес күнтізбелік күн аралығында 2018 жылғы 07 тамызда сағат 17:00-ге дейін жүзеге асырылады.

Бөлісу: