Кәсіпқой бокс кеші

03.08.2017

Оқиға күні:
9 қыркүйек - сенбі 18:00
Өтетін орны: «Сарыарқа» республикалық велотрегі

9 қыркүйек күні сағат 18:00-де Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында «Сарыарқа» республикалық велотрегінде «Кәсіпқой бокс кеші» өтеді.

Алдағы шараның басты оқиғасы жеңіліс көрмеген кәсіпқой боксшылар арасындағы жекпе-жек болмақ. Қазақстандық Қанат Ислам WBA Inter-Continental және WBO-NABO титулдарын канадалық Брэндон Кукқа қарсы қорғайды.

Сондай-ақ жанкүйерлер Жанқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы, Әли Ахмедов, Мейірім Нұрсұлтанов, Руслан Мырсатаев, Айдос Ербосынұлы, Димаш Ниязов және Нұрсұлтан Жанайбаев сынды мықты қазақ боксшыларын көре алады.

Дереккөз: www.zakazbiletov.kz


Бөлісу: